Еуропалық елдер сионистік режимнің қалашық салу ісіне реакция білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i25704-Еуропалық_елдер_сионистік_режимнің_қалашық_салу_ісіне_реакция_білдірді
Еуропалық елдер сионистік режимнің Қауіпсіздік кабинетінің Иордан өзенінің батыс жағалауында жаңа сионистік қалашықтар салуға келіскенін айыптады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 02, 2017 12:59 Asia/Almaty
  • Еуропалық елдер сионистік режимнің қалашық салу ісіне реакция білдірді

Еуропалық елдер сионистік режимнің Қауіпсіздік кабинетінің Иордан өзенінің батыс жағалауында жаңа сионистік қалашықтар салуға келіскенін айыптады.

Ұлыбритания, Франция мен Германия мәлімдеме жариялап, сионистік режим Қауіпсіздік кабинетінің Иордан өзенінің батыс жағалауында жаңа сионистік қалашықтар салуға келіскенін халықаралық принциптер мен заңдарға қайшы деп атады.

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерини сионистік режимнің шешімін сынға алып: «Басып алынған Палестина жерінде, соның ішінде Шығыс Құдста қалашық салу халықаралық заңдарға қайшы»,‑деді. Сионистік режимнің Қауіпсіздік кабинеті әлемдік қауымдастықтың талап‑тілегіне қайшы және халықаралық қарарларды бұзып, Иордан өзенінің батыс жағалауында орналасқан Рамалла қаласының солтүстігінде жаңа бір қалашық салуға келісім берді.

БҰҰ-ның қарарлары бойынша, сионистік режим басып алынған жерлерде қалашықтар салуды тоқтатуымен қатар, сол жерлерде салынған қалашықтарды бұзуы керек.