БАӘ басшылары аймақтық дағдарыстарға қатысты шарасыз
Иран парламенттік делегациясының басшысы Бангладеште Парламентаралық одақтың (IPU) отырысында БАӘ өкілінің Иранға қарсы уәждеріне реакциясында: «БАӘ-нің аймақтық дағдарыстарға, әсіресе Сирия мен Йеменге қатысты амалдары оның жауапсыздығын көрсетеді»,-деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Иран парламенттік делегациясының басшысы Ғоламали Джафарзаде Именабади жексенбі күні Бангладештің астанасы Дакка қаласында өткен Парламентаралық одақтың (IPU) отырысында: «БАӘ-нің қырғи ұшақтары Йеменнің жазықсыз халқын нысанаға алып жатқанда осы елдің өкілі Иранды басқа елдердің ішкі ісіне араласады деп айыптайды. ИИР аймақтағы текетіресті жойып, Парсы шығанағы маңындағы елдермен достық қарым-қатынасты дамытуды қалайды»,-деп қуаттады.
БАӘ өкілінің Иранға қарсы уәждері бұл елдің 2015 жылдың наурыз айынан бастап Сауд Арабиясының Йеменге шабуылындағы серіктесі болып отырған жағдайда айтылды. Әскери басқыншылық салдарынан осы күнге дейін 11 мың адам қаза тауып, ондаған мың адам жараланып, миллиондаған адам босқынға айналды.