Сәу 04, 2017 14:35 Asia/Almaty
  • Иранның Парламенттік делегациясы Ауғанстандағы Талибандарға қолдау көрсету туралы уәждерге реакция білдірді

Иранның Парламенттік делегациясының басшысы Иранның Ауғанстандағы Талибан тобымен байланыста және оған қолдау көрсету деген уәждерін таңқалдыратын жайт және масқаралық деп атап: "Иран – Ауғанстандағы Талибан тобының қолынан азап шеккен негізгі құрбан елдердің бірі", - деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Иран парламенттік делегациясының басшысы Ғоламали Джафарзаде Именабади Бангладештің астанасы Дакка қаласында өткен Парламентаралық одақтың (IPU) 136-шы отырысында Ауғанстан делегациясы өкілінің уәждеріне реакция білідіріп: "Иранның Ауғанстандағы Талибан тобына қолдау көрсетеді деген уәждер Иранның сол топтың негізгі құрбандары болып, ИИР дипломаттарының 1997 жылы Мазар Шариф қаласында Талибандар қолынан шәһид болған жағдайда айтылып отыр.

Иран халықаралық қауымдастыққа Талибандардың қиратушы салдары туралы ескерту жасап, Ауғанстандағы дағдарысқа байланысты қаржылай және рухани ауыр шығын төлеген алғашқы ел болды",- деп мәлімдеді.

Иранның парламенттік делегациясының басшысы Бангладеште ИИР-ның Ауғанстандағы жаңа саяси үдерістің пайда болуында маңызды рөл атқарғанын баса айтып, Ауғанстан делегациясының өкіліне ақылға сыймайтын және бүлдіргі мәлімдемелер жасаудан аулақ болып, екі ел арасындағы қатынастарды бұзуды көздейтін іріткі әрекеттерге жол бермеуге кеңес берді.

 

Тегтер