Халықаралық Кешірім Ұйымы Бахрейннің әскери емес азаматтарының әскери трибуналдарда сотталуын сынады
https://itolqyn.com/news/world-i25774
Халықаралық Кешірім Ұйымы өз мәлімдемесінде Бахрейннің әскери емес азаматтарының әскери трибуналдарда сотталуын апатты деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 05, 2017 08:15 Asia/Almaty
  • Халықаралық Кешірім Ұйымы Бахрейннің әскери емес азаматтарының әскери трибуналдарда сотталуын сынады

Халықаралық Кешірім Ұйымы өз мәлімдемесінде Бахрейннің әскери емес азаматтарының әскери трибуналдарда сотталуын апатты деп атады.

Халықаралық Кешірім Ұйымы сейсенбі күнгі мәлімдемесінде Халифе әулеті режимінің осы шарасын айыптап: «Бұл Бахрейн билігінің әділ төрелік етуден алыс екенін көрсетеді» деп қуаттады.

Халықаралық Кешірім Ұйымының Бейруттегі аймақтық бюросындағы зерттеу бөлімінің төрағасы Лин Малуф: «Конституцияны реформалау Бахрейндегі әділеттің келешегі үшін апат болып саналады» деді.

Малуф сондай-ақ Халифе әулеті режимінің жаңа шарасының Бахрейн билігінің қарсыластарды басып- жаншу және адам құқығына көзжұмбайлық таныту үшін сот орындарын ауқымды түрде қолдану тәсілінің бір бөлігі болып табылатынын қуаттады.

Бахрейн патшасы Хамд Бин Иса Але Халифе дүйсенбі күні елінің Конституциясына түзету енгізуге келісті. Соған сәйкес Бахрейннің әскери сот орындары бұдан былай кең ауқымды ықтиярларға, соның ішінде әскери еместерді соттау құқығына ие болады.