Сәу 05, 2017 21:14 Asia/Almaty
  • Францияда Иранның Экспорт банкіне қойылған шектеулердің күші жойылды

Иранның Экспорт банкінің атқарушы директоры Францияның орталық банкінің 2017 жылы осы банктің Париждегі филиалының қызметке кірісуіне рұқсат бергенін мәлімдеді.

Сияваш Зераати осы банктің Ираннан тыс 27 филиалының жұмыс істеп жатқанына сілтеме жасап: «Экспорт банкінің Парижде жұмыс істеуі үшін барлық кедергілер жойылды. Еуроодақтың Иранның Экспорт банкіне қарсы санкцияларының 2016 жылы күші жойылып, осы банктің еуропалық филиалдарының активтері босатылды» деді.

 

 

 

Тегтер