АҚШ Сенатында Иранға санкция салу жобасын қарастыру кейінге қалдырылды
(last modified Wed, 05 Apr 2017 15:56:46 GMT )
Сәу 05, 2017 21:56 Asia/Almaty
  • АҚШ Сенатында Иранға санкция салу жобасын қарастыру кейінге қалдырылды

АҚШ Сенатының Иранға қарсы жаңа санкциялар жобасын қарастыру ісі оның Ирандағы президенттік сайлауға тигізер әсеріне алаңдаушылыққа байланысты әзірше кейінге қалдырылды.

ИРНА-ның хабарлауынша, АҚШ Сенатының сыртқы байланыстар комитетінің төрағасы әрі Иранға қарсы жаңа санкция салу туралы ұсыныс жасаушылардың бірі Боб Кругер сейсенбі күні: «Еуропа Одағының ықтималды реакциясы мен Ирандағы сайлаулар үдерісіне әсері туралы алаңдаушылықтарға байланысты осы елге санкция салу жобасы Сенаттың сыртқы байланыстар комитетінде қарастырылған жоқ» деді.

Иранға қарсы санкцияларды ұлғайтудың алғашқы нұсқасы наурыз айында бір топ республикашылдар мен демократтар тарапынан ұсынылып, оны қарастыру жұмысы кеше АҚШ Сенатында басталған болатын.

АҚШ Сенатының сыртқы байланыстар комитеті төрағасының Еуропа Одағының кері реакциясына алаңдаушылығы мынадай жағдайда баяндалуда: жуырда БҰҰ-дағы АҚШ өкілі Никки Хейли "Ортақ қадам" келісімі тақырыбына қатысты осы елдің Қауіпсіздік Кеңесінде оқшауда қалғанын мойындаған болатын.

Никки Хейли өткен аптада АҚШ-Израиль істері комитетінің жылдық конференциясында: «Өкінішке орай, Қауіпсіздік Кеңесінде Иранмен келісімге келуге көп көңіл бөлінеді» деген болатын.