Ұлыбритания Сауд режиміне қару сатуды тоқтату туралы талаптарға көңіл бөлмей отыр
(last modified Fri, 07 Apr 2017 10:41:15 GMT )
Сәу 07, 2017 16:41 Asia/Almaty
  • Ұлыбритания Сауд режиміне қару сатуды тоқтату туралы талаптарға көңіл бөлмей отыр

The Guardian газеті: «Ұлыбритания Премьер-министрі Парсы шығанағы аймағындағы елдермен сауда жасауды мақсат етеді. Сондықтан Лондон Сауд режиміне қару сатуды тоқтату туралы талаптарға немқұрайдылық танытуда»,- деп жазды.

The Guardian газеті бейсенбі күнгі мақаласында: «Ұлыбритания Премьер-министрі Тереза Мэй Сауд режимімен қару саудасын жүргізуді мақсат етуде. Бұл елдің ішкі заңына қайшы келеді. Британия Премьер-министрі Йемендегі адами апатқа көңіл бөлмей, Сауд Арабиясы режимімен сауда жүргізбек» деп жазды.   

Батыс үкіметтері, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания және Франция әрқашан Сауд Арабиясының негізгі қару сатушысы болды.