АҚШ-тың Сирияға шабуылы – Вашингтонның қате стратегиясының жалғасы
(last modified Sat, 08 Apr 2017 08:45:21 GMT )
Сәу 08, 2017 14:45 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Сирияға шабуылы – Вашингтонның қате стратегиясының жалғасы

АҚШ-тың Сирияға жасаған зымырандық шабуылына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Нью-Йоркте өткен төтенше отырысында Сирияның өкілі: "Осы шабуылдан кейін Сирияның әртүрлі аймақтарындағы ДАИШ пен ән-Носрат лаңкестерінің шабуылдары күшейе түсті",- деп мәлімдеді.

Sky News ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирияның өкілі Ресейдің талабымен ұйымдастырылған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төтенше отырысында осы кеңестің мүшелеріне қаратып: "АҚШ ДАИШ-ке қарсы жалған коалицияға жетекшілік етіп отыр. Бірақ оның бүгінге дейін жасаған әрекеттері бейбіт азаматтарды өлтіру мен Сирияның инфрақұрылымын қирату болды",- деді.

Әл-Джафари АҚШ-тың Иракта халықты жаппай қыратын қаруларының бар екендігі туралы өтірік уәждерімен әлемді бір рет алдағанын, бүгін де осындай сылтаумен Сирияға шабуыл жасағанын айтып: "Хан-Шейхунда орын алған химиялық шабуылға лаңкестік топтар жауапты",- деп қуаттады.