Иран мен Қазақстан күріш егу жобасын іске асырмақ
(last modified Sat, 08 Apr 2017 16:32:28 GMT )
Сәу 08, 2017 22:32 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан күріш егу жобасын іске асырмақ

Иранның солтүстігінде орналасқан Горган қаласының Сауда, өнеркәсіп, кен және ауыл шаруашылығы палатасының төрағасы Иранның Гүлстан облысы мен Қазақстанның Қызылорда облыстары арасында ауылшаруашылығы, соның ішінде егін егу бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойылғанын хабарлады.

ИРНА-ның сенбі күнгі хабарлауынша, Горган қаласының Сауда, өнеркәсіп, кен және ауыл шаруашылығы палатасының төрағасы Рамазан Бахрами қазақстандық лауазым иелерімен өткен  отырыс аясында: «Қазақстан ауыл шаруашылығы, әсіресе күріш, жүгері және арпа егу жобаларын іске асыру үшін тиімді мүмкіндіктерге ие. Жақында Қазақстанның Қызылорда облысында өтетін екі облыстың келесі отырысында осы меморандумның мазмұндары жүзеге асырылады» деді.

Меморандумға қол қою рәсіміне Гүлстан облысындағы Қазақстанның бас консулы, екі облыстың ауыл шаруашылығы саласы мен Горганның Экспорт палатасының басшылары қатысты.

Гүлстан облысының бір миллион 869 000 халқы бар. Осы облыста ерте заманнан бері шамамен 15000 қазақ диаспорасы өмір сүруде.