Сәу 09, 2017 07:25 Asia/Almaty
  • Ресей Американың Сирияға шапқыншылық әрекетінің заңға қайшы екендігін қуаттады

Ресей Американың Сирияға жасаған зымырандық шабуылын халықаралық заңдарды әшкере түрде бұзу деп атап, оны қатаң айыптады.

«Almayadeen» телеарнасының мәлімдеуінше, БҰҰ-дағы Ресей өкілінің орынбасары Владимир Сафронков Американың Сирияға зымырандық шабуылы туралы өткен Қауіпсіздік Кеңесінің төтенше отырысында: «Америка халықаралық заңдарды әшкере түрде бұзып, егеменді ел Сирияға  шабуыл жасады» деді.

Сафронков Американың Сирияға жасаған зымырандық шабуылын айыптап: «Мұндай шара аймақтық және халықаралық тұрақсыздықты күшейтіп, өте шынайы салдарларға ие болады.

Американың Сирия еліне жасаған әскери шабуылы тек лаңкестік топтардың күшеюіне ғана себеп болады, өйткені шабуыл Сирияның қарулы күштері мен осы елдің әуе күшін нысанаға алды» деді.

Владимир Сафронков Америкадан өзінің өшпенді әрекетін тезірек доғарып, Сирия дағдарысын шешу үшін дипломатиялық талпыныстарға қосылуды сұрады.

 

 

Тегтер