Трамп: Сирияға қарсы әскери амалдар жалғасады
АҚШ Президенті: «Вашингтон қажет жағдайда Сирияда бұдан да көбірек әскери амалдар жасайды»,-деді.
«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп сенбі күні Конгреске жолдаған хатында ресми түрде Конгресс өкілдеріне өзінің Сириядағы әскери шарасы жайлы хабарлап, Сирия үкіметінің химиялық қаруларды пайдаланғаны туралы негізсіз уәждерін қайталады.
Трамп ешбір айғақсыз келтірместен, Дамасктың Сирияның Хомс облысында орналасқан әш-Шаират әуе базасын химиялық шабуылдар жасау үшін пайдаланды деп уәж айтты.
АҚШ Президенті осы әуе базасына шабуыл жасаудағы мақсатын Сирия Қарулы күштерінің химиялық шабуылдар жасауға қабілетін төмендету және Дамаск үкіметін химиялық қаруларды пайдалануына немесе дамытуына тосқауыл қою деп атады.