Ресей Американы әлемдік қауіпсіздікке қауіп төндіруіне байланысты сынады
Ресей Сыртқы істер министрі АҚШ үкіметін шабуыл жасап, аймақтық және халықаралық қауіпсіздікке қауіп төндіруіне байланысты сынады.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Германия Сыртқы істер министрі Зигмар Габриэльмен телефон арқылы сұхбатта Американың Сирияға жасаған зымырандық шабуылын халықаралық лаңкестікпен күреске қайшы деп атап: «Американың Сирияға өз бетімен жасаған зымырандық шабуылы шапқыншылық шара болып табылады. Вашингтонның Сирияға жасаған зымырандық шабуылын ақтау үшін жеткілікті айғақ-дерегі жоқ» деді.
Лавров сондай-ақ, Сирияның Идлиб облысының "Хан-Шейхун" аймағына жасалған химиялық шабуыл туралы нақты тергеу жүргізу және бұл жөніндегі белгісіздіктерді анықтауды қуаттады.
Ресей мен Германия Сыртқы істер министрлері БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сирия туралы №2254 қарарының мазмұндарын орындау қажеттігін қуаттады. Бұл қарар осы елдегі дағдарысты саяси жолмен шешу, қақтығыстарды доғару және «сириялық- сириялық» келіссөздердің қажеттігін қамтиды.