Ираның зымырандарды сынақтан өткізу ісі дүйсенбі күні Қауіпсіздік кеңесінде қарастырылады
(last modified Sat, 12 Mar 2016 09:50:36 GMT )
Нау 12, 2016 15:50 Asia/Almaty
  • Ираның зымырандарды сынақтан өткізу ісі дүйсенбі күні Қауіпсіздік кеңесінде қарастырылады

АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Саманта Пауэр жұма күні: "АҚШ алдағы аптада БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Иранның баллистикалық зымырандарды ұшыруы мәселесін ортаға салады" деді.

Reuters-тің Нью-Йорктен хабарлауынша, Саманта Пауэр АҚШ-тың Қауіпсіздік кеңесінен Иранның баллистикалық зымырандарды ұшыруы мәселесін Қауіпсіздік кеңесінің дүйсенбі күнгі отырысында талқылауды сұрағанын мәлімдеді.

Ол Иранның зымырандарды сынақтан өткізуін қауіпті деп атап: "Біз бұл қауіпті сынақты дүйсенбі күні өткізілуін сұраған Қауіпсіздік кеңесінің отырысында қарастыратын боламыз" деді.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Иранның зымыран ұшыруын тұрақсыздандыратын әрі арандатушы әрекет деп атады.

Иран Ислам Революциясы Сақшылар корпусының Әуе-ғарыш күштері өткен аптада зымырандарды сынақтан өткізу барысында Қадир, Ғиям және Шаһаб типті бірнеше баллистикалық зымыранды табысты ұшырған болатын.

Иранның айтуынша, бұл елдің зымырандық бағдарламасы тек қорғаныстық сипатқа ие әрі басқа елдерге ешқандай қауіп-қатер төндірмейді.