Иран мен Әзірбайжанның Қорғаныс министрлері қорғаныс саласындағы байланыстарды кеңейтуді қуаттады
Иран мен Әзірбайжан республикасының Қорғаныс министрлері қорғаныс саласындағы байланыстарды кеңейтуді қуаттады.
Иранның Қорғаныс министрі сардар Деһқан Теһранда Әзірбайжан республикасының Қорғаныс министрі Хосейновты қабылдауда: «Екі ел басшыларының түрлі кездесулер өткізуі мен саяси, экономикалық және мәдени салалардағы өзара әріптестіктері байланыстардың даму үдерісін көрсетеді» деді.
Сардар Деһқан аймақтағы жағдайды баяндап: «Бүгінде тек қана аймақ емес, әлем ДАИШ пен "ән- Носрат майданы" лаңкестік ағымдары мен тәкфирлік- уахабистік идеяларға қарасты әсірешіл топтар мен АҚШ, сионистік режим және Сауд Арабиясының шапқыншылық саясатына шырмалып отыр. Әсіресе, Палестина мен Сирия, Ирак пен Йемен халықтары осы апатты құбылыстан көп зардап шегіп отыр.
Жалпы осы жағдайлар Батыс Азия аймағында қауіп-қатерлер, тұрақсыздық және бейберекеттіктің өрістеуіне себеп болып отыр. Егер мемлекеттер осы мазасыздықтарға тосқауыл қоюда жауапты саясат ұстанбаса, осы дағдарыс күннен күнге артып, олардың өздерін де қамтиды» деді.
Хосейнов та осы кездесуде: «Біз қорғаныстық- әскери ынтымақтастықтарды кеңейтуге мүдделіміз. Екі ел басшыларының жуықтағы келіссөздері өзара ынтымақтастықтарды кеңейту үшін толық жағдай қалыптастырып отыр.
Әзірбайжан республикасы екі ел шекараларының қауіпсіздігін сақтауға берік және осы шекаралардағы қауіпсіздік пен тыныштыққа сызаттың түсуіне жол бермейді» деді. Ол Иран ислам республикасын армия күнімен құттықтап, аймақта бейбітшілік, тұрақтылық пен баянды қауіпсіздікті қуаттады.