Шамхани: АҚШ-тың аймақтағы әрекеттері лаңкестердің мүддесі үшін жасалып отыр
https://itolqyn.com/news/world-i26172-Шамхани_АҚШ_тың_аймақтағы_әрекеттері_лаңкестердің_мүддесі_үшін_жасалып_отыр
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: "АҚШ пен оның кейбір одақтастарының біржақты әрекеттері аймақтағы дағдарыстың саяси шешімдерін сәтсіздікке ұшыратады",- деп баса айтты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 17, 2017 16:01 Asia/Almaty
  • Шамхани: АҚШ-тың аймақтағы әрекеттері лаңкестердің мүддесі үшін жасалып отыр

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: "АҚШ пен оның кейбір одақтастарының біржақты әрекеттері аймақтағы дағдарыстың саяси шешімдерін сәтсіздікке ұшыратады",- деп баса айтты.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани жексенбі күні Теһранда өткен Әзірбайжан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Закир Хасановпен кездесуінде АҚШ-тың Ауғанстанда атомдық емес жаппай қыру бомбаларын ппайдалануын заңсыз деп атап: "Халықтар мен мемлекеттерді бомбалау ешқашан АҚШ-тың қауіпсіздігін нығайтпайды. Ол аймақтағы лаңкестік топтардың күшеюіне себепкер болады",- деді.

Сонымен қатар, Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: "Лаңкестіктің қатері мен оның түп-тамырлары, әсіресе кейбір аймақ елдері тарапынан таратылып жақтан тәкфирлік көзқарас бүкіл аймақты дағдарыс мәселесіне душар етіп, мұсылман елдерінің дамуы мен өркендеуіне тосқауыл болып отыр",- деп сөзін жалғады.

Әзірбайжан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Закир Хасанов кездесуде Иран мен Әзірбайжан Республикасының ортақ қауіп-қатерлеріне, соның ішінде лаңкестік топтарға сілтеме жасап: "ИИР-ның бұл салада тәжірбиесі өте мол. Сондықтан да екі ел арасында жақын сұхбаттасулар өткізу арқылы осы қатерлергмен күресуге талпыныстар жасалынады",- деді.