Иран мен Пәкістанның бейресми саудасына тосқауыл қою қажеттілігі қуатталды
Пәкістанның Шекаралық аймақтар ісі бойынша министрі Абдолғадер Бәлуч: «Бейресми сауда Иран мен Пәкістанның ұлттық қазынасын табыстан мақұрым етеді. Екі ел осы қауіп- қатерге тосқауыл қоюы керек» деді.
ИРНА-ның хабарлауынша, Пәкістанның Шекаралық аймақтар ісі бойынша министрі дүйсенбі күні Теһранда ИИР мен Пәкістан экономикалық ынтымақтастықтар бірлескен комиссиясының 20-шы саммитінде: «Бейресми сауданың қаупі тарифтік және тарифтік емес кедергілерді жою арқылы шешіледі.
Иран мен Пәкістан арасындағы қарым- қатынастар діни, мәдени, ғұрыптық және тарихи тұрғыдан терең байланыс болып табылады. Екі елдің сауда және экономикалық байланыстары түрлі салаларда, соның ішінде энергия, экономикалық ынтымақтастықтар және сауда- саттық алмасулар арқылы қалыптасқан. Пәкістан Иранға ерекше мән береді» деді.
Иранның Ішкі істер министрі Аболреза Рахмани Фәзли де осы отырыста сөйлеген сөзінде: «Иран мен Пәкістанның экономикалық және сауда- саттық ынтымақтастықтарының ұлғаюы екі елдің шекаралық аймақтарында тұрақты қауіпсіздіктің артуында әсерлі болады» деді.
Иранның Ішкі істер министрі сондай- ақ Иранның бес аймақтағы Пәкістанмен ортақ шекаралық шағын базарларына сілтеме жасап: «Иран мен Пәкістан арасындағы тауар айналымының көлемін экономикалық, сауда, туризм және энергия салаларында бес млрд долларға дейін ұлғайтуға болады» деді.