Мәскеу Сирияның Хан-Шейхун қаласына жасалған химиялық шабуылды қастандық деп атады
https://itolqyn.com/news/world-i26320
Ресейдің Сыртқы істер министрі Сирияның Хан-Шейхун қаласына жасалған химиялық шабуылды қастандық деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 20, 2017 22:15 Asia/Almaty
  • Мәскеу Сирияның Хан-Шейхун қаласына жасалған химиялық шабуылды қастандық деп атады

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сирияның Хан-Шейхун қаласына жасалған химиялық шабуылды қастандық деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров сәрсенбі күні кешке Францияның Сыртқы істер министрі  Жан-Марк Эромен телефон арқылы сұхбаттасып, Хан-Шейхун қаласына жасалған химиялық шабуылды атысты тоқтату бітімі мен Сирия дағдарысын саяси жолмен шешу үдерісін бұзуға бағытталған ашық қастандық деп атады.  

Ресейдің Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, Мәскеудің халықаралық заңдарды құрметтеп, басқа елдердің ішкі істеріне араласпауға негізделген позиция ұстанатынын айтып: «Ресей Хан-Шейхун оқиғасына қатысты тәуелсіз, шынайы әрі бейтарап зерттеудің жүргізілуі қажеттігін қуаттайды»,-деді.

Сергей Лавров Хан-Шейхун  оқиғасынан кейін АҚШ-тың бірден Сириядағы әш-Шаират әуе базасына жасаған зымырандық шабуылына қатты алаңдаушылық білдірді, өйткені БҰҰ-на мүше бір елге  зымырандық шабуыл жасалды.