Армения мен Ресей президенттері Мәскеуде кездесті
(last modified Sat, 12 Mar 2016 16:32:53 GMT )
Нау 12, 2016 22:32 Asia/Almaty
  • Армения мен Ресей президенттері Мәскеуде кездесті

Армения президенті Серж Саргсян Ресей астанасы Мәскеуге жасаған жұмыс сапарында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, әңгімелесті.

Армения Сыртқы істер министрінің орынбасары Шаварш Кочарян осыдан бұрын Арменияға экспортталатын газ бағасын төмендетіп, Қарабах кикілжіңін осы сапарда талқыланатын тақырыптар ретінде мәлімдеген болатын.

Осы келіссөздердің нәтижесінде Армения мен Ресей Арменияға экспортталатын газ бағасын өзгертпей-ақ әр мың текше метр газ үшін 165 доллар төлеу жөнінде келісті. Осы тақырыпты бұл сапардың ең үлкен жетістігі деп санауға болады.

Серж Саргсян өзінің Путинмен кездесуінде сондай- ақ Ресейдің Сирияға қатысты тұрғыларын қолдап, осы елдің Сирияда атыс тоқтату орнату үшін Америкамен жуықтағы келісімін қолдады.

Ресей президенті Владимир Путин де осы кездесуде Арменияның Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымына кезекті төрағалығына тоқталып, Арменияны осы ұйымның қарамағындағы өңірдің қауіпсіздігінің бір бөлімін қамтамасыз етуге жауапты деп атады.

Путин сондай-ақ, Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымының қауіпсіздікпен қамтамасыз етуді және лаңкестік әрі ұйымдасқан қылмыспен күресудің жауапкершілігін мойнына алып отырғанын, осы ұйымның қызметінің арқасында шекараларда тыныштыққа куә болатындықтарын айтты.