Катар әміршісі Қазақстан СІМ-мен келіссөзде аймақтың қауіпсіздігін қуаттады
Сәу 24, 2017 23:27 Asia/Almaty
Қазақстан Сыртқы істер министрі Катар әміршісімен кездесуде лаңкестік әрекеттермен күресу жолдары мен Астанада Сирия бейбітшілік отырысын өткізу мәселесін қарастырды.
«Alalam» арнасының хабарлауынша, Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Дохаға жасаған сапарында Катар әміршісі шейх Тамим Бин Хамд Але Санимен кездесіп, әңгімелесті.
Осы мәлімет бойынша, кездесуде Қазақстан Сыртқы істер министрі биылғы жылдың 10- 11 қыркүйек күндері Астанада өтетін Исламдық Ынтымақтастық ұйымының ғылым мен технологияны дамыту бірінші саммитіне қатысу үшін ҚР Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыру хатын Катар әміршісіне табыс етті.
Тараптар сондай- ақ осы кездесуде Катардың Астанадағы Экспо- 2017 көрмесіне қатысу үшін әзірлігін қарастырды.
Қазақстан Сыртқы істер министрі мен Катар әміршісі жалғасында аймақтағы маңызды мәселелерді, соның ішінде Астанадағы Сирия бейбітшілік келіссөздерінің үдерісі мен алдағы кеңесулерге осы ел үкіметі мен оның қарсыластарының қатысу тақырыбын қарастырды.
Әбдірахманов Катар әміршісімен кездесуде оның 2014 жылдың қаңтар айында Астанаға жасаған сапары мен ҚР Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылдың қазан айында Дохаға жасаған сапары барысында жасалған келісімдердің басым көпшілігінің орындалып жатқанын және екіжақты ынтымақтастықтардың едәуір ұлғайғанын мәлімдеді.
Тегтер