Германия Иран мен Сауд Арабиясына қолқа салды
Германия Сыртқы істер министрі Теһран мен Эр- Риядтан Сирия дағдарысын доғаруда маңызды рөл атқаруды сұрады.
Германияда шығатын Die Passauer Neue Presse (PNP) газетінің сейсенбі күнгі мәліметіне қарағанда, Франк-Вальтер Штайнмайер бүгін сейсенбі күні басталатын Иран мен Сауд Арабиясына сапарынан бұрын Теһран мен Эр- Риядтан Сирия дағдарысын доғаруда маңызды рөл атқаруды сұрап: «Барша келіссөз үдерісіне қатысып, Сириядағы дағдарысты тоқтату үшін барынша күш жұмсауы тиіс. Женевада Сирияға қатысты бейбітшілік келісөздерінің басталуымен шамамен бес жылдан бері жалғасып келе жатқан осы кикілжіңді доғару жолындағы талпыныстар күрделі де маңызды кезеңіне жетеді» деді.
Германия Сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер Иран Ислам Республикасының қайраткерлерімен кездесіп, сұхбаттасу мақсатында сейсенбі күні кешке Теһранға келеді.
Штайнмайермен бірге Теһран сапарында германиялық экономикалық- сауда делегациясы да келеді.
Штайнмайер Иранға сапарынан кейін Сауд Арабиясына барып, сол жердегі бір мәдени байқауға қатысып, адам құқығы мәселелері туралы баяндама жасауды жоспарлап отыр.