Ресей: С300 зымырандық кешені толығымен Иранға берілді
Ростех компаниясының басшысы Сергей Чемезов: «Ресей 2016 жылы С300 әуе қорғаныс кешенін Иранға беру туралы келісімді толық орындады»,-деді.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Чемезов сенбі күні Кремльде Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуде осы мәселені растады.
Ростех компаниясының басшысы енді С300 әуе қорғаныс кешенінің Иранның әуе қорғаныс күштерінің бір бөлігі екенін айтып: «Бұл соңғы жылдары Иран мен Ресей арасында сәтті орындалған ең ауыр келісімдердің бірі саналады»,-деді.
Иран мен Ресей С300 әуе қорғаныс кешені туралы келісімді аяқтағаннан кейін басқа әскери құрал-жабдықтарды, соның ішінде Су-30 көп мақсатты қырғи ұшақтар мен Т-90 дамыған танктерін сатып алуға қатысты келіссөздерді бастады.