Шетелдегі ирандықтардың Ирандағы президенттік сайлауға қатысуы үшін дайындық жасалуда
(last modified Sun, 30 Apr 2017 16:24:48 GMT )
Сәу 30, 2017 22:24 Asia/Almaty
  • Шетелдегі ирандықтардың Ирандағы президенттік сайлауға қатысуы үшін дайындық жасалуда

Мәскеудегі Иран елшісі Ресейде тұратын ирандықтардың Ирандағы президенттік сайлауға жаппай қатысуы үшін қажет әзірлік шараларының жасалғанын мәлімдеді.

Ирандағы он екінші президенттік сайлау 2017 жылы 19-шы мамырда өтеді.

Ресейдегі Иран елшісі Меһди Санаи: «Иран СІМ- нің хабарландыруы бойынша Ресейде дауыс беруге және алдағы сайлауларға ирандықтардың қатысуы үшін тиісті әзірлік жасалған.

Қарастырылған шаралар бойынша Ресей астанасы мен Санкт-Петербург және Қазан сияқты қалаларда тұратын ирандықтар, соның ішінде студенттер Ирандағы президенттік сайлауға қатыса алады» деді. Бұдан бұрын Ирандағы он екінші президенттік сайлаудың шетелде өтуін қадағалау комитетінің төрағасы Хасан Қашқави Ирандағы алдағы президенттік сайлаудың 103 елде, 132 өкілдікте және 279 сайлау учаскесінде өтетінін мәлімдеген болатын.