Ресей Түркияда Астана келіссөздерін ұйымдастыруда ынтымақтастық жасауын сұрады
Ресей Түркиядан Қазақстанның елордасында өтетін Астана келіссөздерінің жаңа кезеңіне Сирия қарулы оппозициясының қатысуы үшін ынтымақтастық жасауын сұрады.
ИТАР-ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов Сирия қарулы оппозициясының Астана келіссөздерінің жаңа кезеңіне қатысатындығы мен түркиялық әріптестердің осы салаға байланысты шараларды жүзеге асыратындығына үміт білдірді.
Михаил Богданов Астанадағы отырыстың мақсатын атысты тоқтату бітімін нығайту бағытында ынтымақтастық жасау үшін Сирияға байланысты барлық мәселелерді қарастыру деп атап: "Атысты тоқтату бітіміне қатысты қарулы топтардың Астана келіссөздеріне қатысуына бар күшімізді саламыз",- деді.
Астана келіссөздерінің жаңа кезеңі Қазақстанның елордасында мамырдың үші күні басталады.