Ұлыбританияда студенттер палестиналық тұтқындарды қолдап аштық жариялады
https://itolqyn.com/news/world-i26654-Ұлыбританияда_студенттер_палестиналық_тұтқындарды_қолдап_аштық_жариялады
Ұлыбритания студенттерінің Израиль режимінің қамауында отырған палестиналық тұтқындарды қолдап, жариялаған аштық акциясы әлі жалғасуда.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 02, 2017 07:53 Asia/Almaty
  • Ұлыбританияда студенттер палестиналық тұтқындарды қолдап аштық жариялады

Ұлыбритания студенттерінің Израиль режимінің қамауында отырған палестиналық тұтқындарды қолдап, жариялаған аштық акциясы әлі жалғасуда.

"Пресс ТВ" телеарнасының хабарлауынша, Израиль режимінің түрмелеріндегі палестиналық тұтқындардың аштық жариялауымен орайлас Манчестер университетінің бір топ студенті де оларға үн қосу мақсатында 27 сәуірден бастап аштық жариялап, осы әрекеттерін келесі аптаға дейін жалғастырады.

Манчестер университетінің Африканы зерттеу және Шығыстану факультетінің жүздеген студенті де бейсенбі күні Ұлыбританиядағы Израиль режимінің елшісі Марг Ригионың осы университетке келуіне наразылық білдіріп, шеру өткізді.

Ұлыбритания астанасы Лондонда тұратын палестиналықтар да аштық жариялаған палестиналық тұтқындарды қолдап, шеру өткізді.

17 сәуір «Палестиналық тұтқындар» күні 1500- ден астам палестиналық тұтқын осы режимнің қамауында отырған палестиналық тұтқындарға сионистік режимнің жабайы әрекеттеріне наразылық ретінде "Азаттық және ұлылық" ұранымен аштық жариялау акциясын бастады.