Лавров пен Тиллерсон Астанада өтетін сириялық келіссөздер туралы сөйлесті
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон телефон арқылы сөйлесіп, Астанада өтетін сириялық келіссөздердің үдерісі мен бағдарламасы туралы пікір алмасты.
Сирия дағдарысына қатысты екі күндік келіссөздердің келесі кезеңі сәрсенбі күні Астанада басталады.
ИРНА-ның мәліметінше, Ресей Сыртқы істер министрлігі: «Лавров пен Тиллерсон дүйсенбі күні телефон арқылы сөйлесіп, Астанада өтетін сириялық отырыстың келесі кезеңіне қатысты мәселелер туралы пікір алмасты»,- деп мәлімдеді.
АҚШ үкіметі Астанадағы сириялық келіссөздердің бұрынғы кезеңдерінде бақылаушы болып, отырыстарға Қазақстандағы елшісі қатысқан болатын. Астана келіссөздерінің өткен кезеңіне қатыспаған қарулы наразылар отырыстың жаңа кезеңіне қатысуға қарсылықтарын жариялаған жоқ. Сондай-ақ дүйсенбі күні Сирия үкіметі өкілдерінің келіссөздерге қатысу үшін Астанаға келгені хабарланды.