ЮНЕСКО: Израиль – басқыншы күш
БҰҰ ЮНЕСКО-ның атқарушы комитеті сейсенбі күні қарар бекітіп, сионистік режимді Бейт әл-Мұқаддас пен Газа секторындағы халықаралық заңдарды бұзғаны үшін айыптап, Құдс қаласының тарихи болмысын құрметтеуді талап етті.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, ЮНЕСКО-ның қарарында Израильді басқыншы күш деп атап, Бейт ул-Мұқаддастың шығысында үздіксіз бұрғылау мен тоннель қазу және басқа жобаларын тоқтатуды талап етті. Заңсыз құрылған Құдсты жаулап алған режимнің 69 жылдығымен тұспа-тұс бекітілген қарарда еврейлердің атауларының орнына «әл-Ақса», «әл-Харам, «әл-Шариф» деген атаулар мұсылмандардың бірінші құбыласы үшін пайдаланылды.
Бұл қарарды Алжир, Мысыр, Ливан, Марокко, Қатар және Судан ұсынды. Қарар 22 оң, 10 теріс және 23 қалыс дауыспен ЮНЕСКО-ның атқарушы комитетінде бекітілді.