Араб мемлекеттеріндегі дағдарыстан Иран пайда көреді деген уәж айтылды
(last modified Wed, 03 May 2017 12:16:01 GMT )
Maм 03, 2017 18:16 Asia/Almaty
  • Араб мемлекеттеріндегі дағдарыстан Иран пайда көреді деген уәж айтылды

Араб лигасының Бас хатшысы Ахмад Абу ал-Ғейз араб елдерінің дағдарыс жағдайымен бетпе-бет келуін мойындап: «Мұндай жағдайдың орнатылуы ИИР-ның мүддесіне сай»,- деді.

Араб лигасының Бас хатшысы Дубайда араб ақпарат құралдары конференциясының 16-шы кезеңінің ашылу рәсімінде: «Араб лигасының жағдайы араб елдерінің жағдайының көрсеткіші. Бірақ, бұл Араб лигасының түңілгенін білдірмейді, өйткені араб елдері жағдайды қайтару мүмкіндігіне ие емес.

Араб елдеріндегі дағдарыстың болуына қарамастан, Араб лигасының орнын басатын вариант жоқ. Араб елдері ортақ құндылықтар, ортақ тіл және ортақ мәдениет пен түсініктерге ие» деді.

Араб әлемі бірнеше жылдан бері саяси, экономикалық және қауіпсіздік салаларында ең жаман кезеңді бастан өткеруде. Батыс Азия мен Солтүстік Африкада халық  көтерілісі орын алған 2011-ші жыл мен Сирия дағдарысы басталып, лаңкестік аймаққа аяқ басқаннан бері араб  елдері дағдарысты бастан өткеріп келеді. Саяси және қауіпсіздік дағдарыстарға экономикалық дағдарыс қосылып, араб әлемінің барлық халықтарына таралды.

Бөгделердің араласуы салдарынан Мысыр, Ливия мен Бахрейнде халықтық көтерілістерінің нәтижеге жетпеуі, диктаторлық режимдердің билігінің жалғасуы, Сирия дағдарысының аяқталмауына байланысты араб әлеміндегі  саяси бейберекеттіктер мен соғыс өзінің жоғары толқынына жетіп, сондай жағдайда Араб лигасының  жұмысы сынға ұшырап, кейбір мемлекеттер саяси ықпалға түсіп, өз болмысынан айрылды.

Мәселен, Ливиядағы халық көтерілісінен кейін бұл мемлекет лаңкестердің орталығына айналды. Бұл Араб лигасының немқұрайдылығын көрсетеді. Сирия оқиғасында да аталмыш лига араб әлемі дұшпандарының қастықтарынан өзінің маңызды  мүшесін қорғаудың орнына олармен бір жақ болып, Сирияны қатарынан шығарып жіберді. Араб лигасының Ливияға немқұрайдылық танытуы, Сириядағы лаңкестерді қолдаушылармен жақтасуы, араб әлеміндегі соғыс, қатыгездік пен экстремизмге байланысты Араб лигасы Бас хатшысының бұл ұйымның ең жаман кезеңі деп атауы дұрыс.

Араб лигасының Бас хатшысы бұл лиганың араб әлемінің мәселелерін шеше алмағанын жасырып: «Иран өз шекараларын кеңейткісі келеді. Сондықтан, араб әлеміндегі дағдарысты пайдалануда»,- деген уәж айтты. Бұл уәждер ИИР екі араб елінде бейбітшілік пен қауіпсіздіктің орналасуы туралы айқын ұстанымға ие және олардың орталық үкіметімен лаңкестікке қарсы күресте ынтымақтастық жасап отырған жағдайда айтылып отыр.

Иранның лаңкестікке қарсы соғыста Ирак және Сириямен ынтымақтастық жасауы Иранның саясатының достық сипатта екенін көрсетеді.  Иран өз тарихында басқа мемлекеттерге көз тікпеді, Иранның заманауи тарихы бейбітшілік пен достыққа толы. Лаңкестке қарсы соғыста Ирак пен Сирия арабтарының қасында болуы араб әлеміне бейбітшілік пен достық жолдауын жеткізеді.