Наваз Шариф: Иранға зиян тигізу – Пәкістанға зиян тигізу деген сөз
Пәкістанның Премьер-министрі сәрсенбі күні түстен кейін ИИР Сыртқы істер министрімен кездесіп, өз үкіметі мен халқының Иранның шекарасында лаңкестік әрекеттің болғанына өкініш білдіретінін айтып: «Иранға тиген кез-келген зиян – Пәкістанға тиген зиян»,-деп қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Наваз Шариф Мұхаммад Джавад Зарифпен кездесуінде Иранмен ізгі байланыстарды сақтаудың Исламабадтың негізгі принциптері мен қатынастарының бірі екенін айтып: «Екі елдің тиісті органдарының Иран мен Пәкістанның шекарасында орын алған лаңкестік әрекетті тексеріп, әріптестік жасауы үшін бар күшімді саламын»,-деп қуаттады.
Мұхаммад Джавад Зариф осы кездесуде Пәкістан сапарының мақсатының ирандық шекарашыларға жасалған лаңкестік шабуылды тексеру екенін айтып: «Екі ел байланысының маңыздылығы пәкістандық күштердің шекара маңында қуаттырақ қызмет атқарып, екі елдің шекарасына қатысты істерге көбірек көңіл бөлуін талап етеді»,-деді.
Иранның Сыртқы істер министрі екі елдің тиісті органдары мен жауапты тұлғаларының осы лаңкестік әрекетті жылдам тексеруіне қатысты әріптестік жасауы қажеттігін қуаттап, жаралы ирандық сарбазды лаңкестердің тұтқынынан босату және осындай оқиғалардың болашақта қайталанбауы үшін тиісті шаралар атқару қажеттігін баса айтты.