АҚШ әскері ДАИШ-тың адамдарын Талибанның қоршауынан шығарды
Талибандар мен ДАИШ лаңкестік тобына қатысты адамдардың арасындағы Талибандар мен ДАИШ лаңкестік тобына қатысты адамдардың арасындағы Нангархар облысының Чапархарындағы қақтығыстардың жалғасуына төртінші күн болғанда Ауғанстанның мәжілісіндегі Нангархар өкілі Захир Қадим АҚШ күштерінің бұл облыстағы ДАИШ адамдарына қолдау танытып жатқаны туралы хабарлап:
«Чапархардың Сепинджомат аймағында ДАИШ тобына қарасты бірқатар адамды Талибандар қоршауға алған болатын, бірақ олар америкалық әскери ұшақтардың қолдауымен құтқарылды. Талибандар мен ДАИШ арасындағы қақтығыстар ағымында америкалық тікұшақтар мен арнайы күштері ДАИШ адамдарын құтқару үшін Талибандарды нысанаға алды»,- деді.
Ауғанстан мәжілісіндегі Нангархар өкілі АҚШ әскери әуе күштерінің ДАИШ-ты қолдауы туралы: «АҚ үй ДАИШ-ты Ауғанстан мен бүкіл аймақтағы өз мақсаттарын алға ілгерілету үшін пайдалануды бағдарламасына енгізген»,- деді.
Ирак пен Сириядағы ДАИШ лаңкестерін бұл екі елдегі саяси жүйелерді құлату мақсатында қолдайтын АҚШ Ауғанстанда да бұл топқа қолдау көрсетіп, кейбір мақсаттарына жету үшін пайдаланбақ. Ауғанстандағы НАТО-ның кейбір қолбасшыларының айтуы бойынша, ДАИШ бұл елдің шығысына дейін жетіп, Нангархар облысын аймақтағы өзінің орталығына айналдырмақ.
АҚШ әскери ұшақтарының ДАИШ адамдарын қолдауы АҚ үйдің Ауғанстанның шығысын аймақтағы ДАИШ тобының орталығына айналдыруды көздейді. Кейбір мамандардың айтуынша АҚШ Ауғанстанда ДАИШ-тың жаңа базаларын құруды қолдап, аймақ деңгейінде қирату әрекеттерін іске асыруды көздейді.
Ауғанстандағы кейбір саяси топтар да АҚШ ДАИШ пен Талибандар арасында қақтығыс ашып, Талибан тобын әлсіреткісі келетінін, мұндай қатерлі саясаттың бұл елдегі ДАИШ тобын нығайтып, лаңкестік әрекеттерінің күшеюіне себеп болатынын айтуда. Соңғы апталарда Ауғанстандағы ДАИШ-тың шабуылдарды көбейді. АҚШ-тың Талибанды әлсіретіп, ДАИШ-ты күшейтуі тіпті бұл елдегі лаңкестік топтар арасындағы көпке созылатын соғысқа соқтыруы мүмкін.
Захир Қадимның ДАИШ пен Талибан бетпе-бет келген кезде АҚШ әскерінің ДАИШ-ке әскери қолдау көрсетуі туралы жуырдағы сөздері мен осыдан бірнеше ай бұрын ДАИШ-тың Кабулдағы кейбір елшіліктермен байланысты болуы туралы сөздері АҚШ-тың Ауғанстандағы ДАИШ лаңкестік тобын қолдауды басты мәселе етіп отырғанын көрсетеді.