Пәкістан өзінің Иранмен шекараларында қауіпсіздік орнатуға сөз берді
https://itolqyn.com/news/world-i26792
Иранның Ішкі істер министрі: «Пәкістан лаңкестердің Иранмен шекаралық аймақтарда белсенділігінің алдын алу мақсатында өз әскерилерінің тактикасын өзгертеді» деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 06, 2017 21:50 Asia/Almaty
  • Пәкістан өзінің Иранмен шекараларында қауіпсіздік орнатуға сөз берді

Иранның Ішкі істер министрі: «Пәкістан лаңкестердің Иранмен шекаралық аймақтарда белсенділігінің алдын алу мақсатында өз әскерилерінің тактикасын өзгертеді» деді.

Иранның Ішкі істер министрі Абдолреза Рахмани Фазли сенбі күні Теһранда тілшілерге берген сұхбатта Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің өткен сәрсенбі күні Мир Джаведегі лаңкестік әрекетті қарастыру үшін Пәкістанға шеккен сапарына сілтеме жасап: «Пәкістан басшылары Иранмен шекараны ұдайы қадағалап отырумен қоса екі ел шекарашыларының бір-бірімен байланыста болатындығына,  ирандық шекарашыларды шәһид еткен лаңкестік топтың мүшелерін құрықтау үшін ынтымақтастық жасауға сөз берді» деді.

Өткен сәрсенбі, 26 сәуір күні "Джейш әл- Золм" лаңкестік тобының күштері Иранның Систан мен Бәлучистан облысына қарасты Мир Джаве аймағында 9 ирандық шекарашыны патрульдікке шыққан кезде шәһид етіп, жараланған бір шекарашыны Пәкістанға алып кеткен болатын.

"Джейш әл-Золм" тәкфирлік лаңкестік тобы осы лаңкестік шабуылдың жауапкершілігін мойнына алды.