Аймақтағы Ресей әскери базаларының іс-әрекеттері өзгерді
Ресей Армения, Тәжікстан және Қазақстандағы өзінің әскери базаларын ДАИШ лаңкестік тобымен күресуге пайдаланады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің Шетелдік торабының армян тіліндегі бағдарламасының мәліметі бойынша, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Мир-24» арнасына берген сұхбатында: «ДАИШ лаңкестік тобының мүшелері берілмесе, Ресей бұл лаңкестік топты толығымен жояды»,- деді. Оның айтуынша, Қауіпсіздік ұйымына мүше елдердің әскери күштері әрқашан бірігіп, осы салада ынтымақтастық жасауға дайын.
Осыған дейін Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы Ресейдің әскери базалары АҚШ пен арасындағы әскери теңгерімді сақтау үшін деп аталды. Негізінде, Ресей Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы әскери базаларын Еуропадағы, әсіресе шығыс Еуропадағы АҚШ әскери базаларымен теңгерім орнату үшін пайдаланды. Бірақ аймақтағы лаңкестіктің артуымен бүгінде Ресей әскери базаларының іс-әрекеттерін өзгертіп, Ауғанстан мен Ирак және Сириядағы лаңкестерге қарсы тұруға пайдаланғысы келеді. Ресей Сыртқы істер министрінің айтқаны орындалатын болса, Армения, Тәжікстан және Қазақстан сынды елдердің лаңкестік және тұрақсыздықпен күресудегі рөлдері артып, әсіресе ДАИШ лаңкестік тобы тұрақсыздықтың негізгі факторы болып тұрған кезде бұл мәселе аймақ республикалары үшін өте маңызды.
Өткен үш жылда Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарт ұйымы Орталық Азия елдеріндегі лаңкестіпен күрес мәселесіне қатысты бірнеше отырыс өткізді. Өткен бірнеше жылда Ресей Орталық Азия республикаларының кейбір елдерінің Ауғанстанмен арадағы шекараларына көп қаржы жұмсады. Қытай да Орталық Азияның кейбір елдері мен Ауғанстан арасында бақылау базаларын орнату үшін көп қаржы шығарды. Қытай мен Ресейдің бұл келісімдері екі ел басшыларының ДАИШ лаңкестік тобының бұл елдерде өздерінің ықпалын арттыруына алаңдаушылық білдіруіне байланысты.
Кейбір бөгде мемлекеттер Сирия мен Ирактағы белсенді лаңкестерді Орталық Азия мен Кавказ аймағында орналастыру үшін бұл елдердің басшыларына қарап отыр. Мәселен6 саудиялық басшылар Ресей және аймақ мемлекеттерімен көптеген кеңесулер өткізгенімен, ДАИШ лаңкестік тобын сол аймаққа ауыстыруды көздеуде. Лаңкестікпен күрес туралы уәж айтатын Түркия сынды мемлекет Сауд Арабиясының басшыларына жақындады.
Қорыта айтқанда, Ресей Сыртқы істер министрі Тәжікстан, Армения және Қазақстанда орналасқан әскери базаларын лаңкестік топтарға қарсы пайдалануы мен Ұжымдық Қауіпсіздік және Шарт ұйымы негіздері бойынша, лаңкестікпен, әсіресе ДАИШ-пен күресудің басты мәселе екендігіне тоқталып: "Аймақтағы Ресей әскери базаларының пайдалануын өзгерту лаңкестікті жоюды жылдамдатуға себеп болады» деп айтуға болады.