Иран елшісі Пәкістанның Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды
ИИР-ның Исламабадтағы елшісі Мәхди Хонардуст Пәкістанның Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Пәкістан Сыртқы істер министрлігі өз мәлімдемесінде: «Пәкістандағы Иранның елшісі Пәкістан үкіметінің Иран Қарулы күштері Бас штабы Қолбасшысының Пәкістан жеріндегі әрекеттері туралы жуырдағы сөзіне алаңдаушылығын жеткізу үшін елдің Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды. Бұл сөздер екі елдің арасындағы бауырластық қарым-қатынастар мен Иран Сыртқы істер министрінің соңғы Исламабад сапарындағы екі ел басшыларының шекаралық ынтымақтастықты арттыру туралы келісімдеріне қайшы»,- деп айтылған.
Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы Мұхаммад Бақери дүйсенбі күні бірнеше ирандық шекарашының қаза болуына себеп болған соңғы лаңкестік әрекетке тоқталып: «Иран мен Пәкістанның ортақ шекараларында мұндай жағдайдың жалғасуына Теһран төзе алмайды. Пәкістан басшылары шекараларды бақылауға алып, лаңкестерді құрықтап, бізге тапсырып, олардың Пәкістандағы базаларын жабуы қажет»,- деп қуаттаған болатын.