Адам құқығын бақылаушы ұйым «UNESCO»-ның әрекетіне өкініш білдірді
(last modified Wed, 10 May 2017 16:08:46 GMT )
Maм 10, 2017 22:08 Asia/Almaty
  • Адам құқығын бақылаушы ұйым «UNESCO»-ның әрекетіне өкініш білдірді

Адам құқығын бақылаушы ұйым Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымының (UNESCO) үкіметтік емес ұйымдардың халықаралық форумын Сауд Арабиясында өткізу әрекетіне өкініш білдірді.

"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Адам құқығын бақылаушы ұйым сейсенбі күні мәлімдеме жариялап, «UNESCO» ұйымының үкіметтік емес ұйымдардың халықаралық форумын эр-Риядта өткізу әрекетіне өкініш білдірді. Сауд Арабиясының адам құқығы белсенділеріне қатысты әрекеттері жан түршіктірерлік. Бұл үкімет адам құқығы белсенділерін қинап, азаптап отыр.

Адам құқығын бақылаушы ұйымның мәлімдемесінде «БҰҰ- ның кейбір кеңселері жуықта адам құқығын бұзуда жан түршіктірерлік іс-әрекет дәптеріне ие Сауд Арабиясына қатысты шындықтан алыс шешімдер қабылдады. Үкіметтік емес ұйымдардың отырысын Сауд Арабиясында өткізу тек осы елде тәуелсіз ұйымдар құру айыбымен ғана түрмеге қамалған кісілерге үлкен соққы болып тиді» деп жазылды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымының (UNESCO) өткен аптада "Жастар және олардың әлеуметтік ықпалы" деген тақаырыпта үкіметтік емес ұйымдардың халықаралық жетінші форумын Сауд Арабиясының астанасы эр-Риядта өткізді.