Ақ Үй Трамп пен Ресейдің байланысы туралы арнайы прокурор тағайындауға келіспеді
(last modified Thu, 11 May 2017 16:51:38 GMT )
Maм 11, 2017 22:51 Asia/Almaty
  • Ақ Үй Трамп пен Ресейдің байланысы туралы арнайы прокурор тағайындауға келіспеді

 Ақ Үй әкімшілігі Ресей мен АҚШ президентінің ықтималды байланысын қарастыру үшін  арнайы прокурор тағайындауға келіспеді.

Өткен күндері АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның жақындарының Ресей үкіметімен ықтималды байланысы ісін қарастыру үшін  арнайы прокурор тағайындауға қатысты қысым артқан жағдайда Ақ үй ақпарат хатшысының орынбасары Сара Сандерс ақпараттық конференцияда осы шараның ықтималын төмен деп атады.

Ақ үйдің ақпарат хатшысы сонымен бірге АҚШ президентінің "FBI" туралы тергеу үдерісінің жалғасуын қолдап отырғаны туралы уәж айтып: «Трамп пен Ресейдің байланысы туралы дау-дамай үшін арнайы прокурор тағайындау қажет емес» деді.

АҚШ федералды полициясының (FBI) басшысы Джеймс Комидың осы орган Трампқа жақын адамдардың Ресей үкіметімен ықтималды байланысы ісін қарап жатқан жағдайда күтпеген жерден жұмыстан қуылуы көптеген демократ депутаттар мен саясаткерлердің Ақ Үй әкімшілігін осы тақырыпты қарастыру үшін арнайы прокурор тағайындауға қысым жасауына себеп болды.

Ақ Үй АҚШ федералды полициясы (FBI) басшысының қызметтен босатылуының себебін Трамптың сайлаудағы бақталасы Хиллари  Клинтонның электронды хаттары ісін әлсіз басқаруы деп атады.