Maм 12, 2017 14:57 Asia/Almaty
  • АҚШ пен Ресей Балтық елдері шекараларында зымыран тақырыбы бойынша алауыздыққа ұшырады

АҚШ-тың Қорғаныс министрі Ресейдің Балтық елдері шекараларына жақын жерде әскери жұмыстарын жүргізуіне алаңдаушылық білдірді.

Литваға сапар шеккен АҚШ-тың Қорғаныс министрі Джеймс Матис осы елдің Президенті Даля Грибаускайтемен кездесуінде: «Ресейдің кез-келген әскери шарасы, соның ішінде «Ескендір» зымырандық кешендерін Балтық елдеріне жақын аудандарға орналастыруы бұл аймақтың тұрақсыздануына себеп болады»,-деді.

Матистің сөздері АҚШ-тың қорғаныс саласындағы басшыларының жазда әскери жаттығулар өткізу үшін «Патриот» зымырандық кешенін Балтық аймағында орналастыруға шешім қабылдағанын жариялаған жағдайда айтылып отыр.

Ресей «Ескендір» зымырандарын Балтық теңізіне жақын Калининградта орналастырды. Бұл шара Ресей армиясы әскери жаттығуының бір бөлігі көрінеді. Алайда америкалық басшылар бұл шара Ресейдің аймақтағы зымырандық әлеуетін жоғарылату үшін жасалып отыр деп санайды.

 

Тегтер