Солтүстік Корея зымырандық сынақтарды жалғастыруда
Ескертулерге қарамастан, Солтүстік Корея тағы бір зымыранды сынақтан өткізді.
Оңтүстік Корея ақпарат құралдарының хабарлауы бойынша, бұл сынақ жексенбі күні Корея түбегінің солтүстік-батысында орналасқан Кусанг аймағы жағалауында жасалған. «Yonhap News» агенттігінің хабарлауы бойынша, сынақтан өткізілген зымыран сырттай алғанда баллистикалық зымыранға ұқсайды.
NBC ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Оңтүстік Кореяның жаңа Президенті Мун Чже Ин осы сынаққа реакцияда аталмыш тақырыпты талқылау үшін Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізуді талап етті.
Бұл шара Солтүстік Кореяның өткен айда екі зымыранды сәтсіз сынақтан өткізген жағдайда орын алып отыр.
АҚШ армиясы да: «Солтүстік Корея бұл зымыранды Кусанг маңында сынақтан өткізді. Алайда зымыранның ұшып өткен қашықтығы баллистикалық зымыранның критерилеріне сәйкес келмейді»,-деп хабарлады.