Maм 18, 2017 21:18 Asia/Almaty
  • Ирандағы президенттік сайлау 102 елде 310 сайлау учаскесінде өтеді

Ирандағы 12-ші президенттік сайлаудың шетелде өтуін қадағалау комитетінің төрағасы Хасан Қашқави Ирандағы президенттік сайлаудың 102 елде 310 сайлау учаскесінде өтетінін хабарлап:

«Америкада 55, БАӘ-де 21, Иракта 22, Ұлыбританияда 22 дауыс беру орны шетелде жүрген отандастардан дауыс жинайды. Канадада сайлау өткізу үшін өткізілген кеңесулерден нәтиже шықпағандықтан Канада мен Американың шекарасында Канадада тұратын отандастардан дауыс жинау үшін бірнеше дауыс жинау жәшігі орнатылатын болды» деді.

Иран СІМ-нің консулдық және мәжіліс істері бойынша орынбасары шетелде тұратын ирандықтардың президенттік сайлауды қолдауына сілтеме жасап: «Сайлауды өткізу, қадағалау және дауыс жинау тарифтерін жөнелту үшін тиісті шаралар жасалды. Жұма күні таңертеңгі сағат сегізден кешкі сағат 18:00 ге дейін дауыс беріледі. Шетелдегі Иран елшілері мен өкілдіктері тиісті жағдайда дауыс беру уақытын ұзарта алады» деді.

Ирандағы он екінші президенттік сайлау қалалық және ауылдық ислам кеңестері сайлауларымен бір мезгілде ертең, жұма күні өтеді.

 

 

Тегтер