Трамп Сауд Арабиясы сапарының алдында Иранды айыптады
АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің алғашқы шетелдік сапарында Сауд Арабиясының астанасы эр-Риядқа аттанғалы отыр. Ол жұма күні сапарының негізгі ұстанымының Ираннан үркіту жобасын жалғастыру екенін көрсету үшін Иранға лаңкестікке қолдау жасайды деп айып тақты. Бұл Ақ үйдегі бір лауазымды тұлға бейсенбі күні Трамптың Сауд Арабиясына сапарының мақсаты "араб НАТО-сын" құруды көздейтінін жариялаған жағдайда орын алып отыр.
Трамптың аймақ сапарының негізгі бағдарларының бірі "Ираннан үркіту" жобасы Обама үкіметінің кезінде де көзделген ұстаным болған. Егер өткенге көз жүгіртетін болсақ, АҚШ-тың мемлекеттік қайраткерлері, тіпті Обамаға дейінгі қайраткерлердің әрқайсысының саясаты АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандық саясаттары тізбегінің бір бөлігі болғанын көреміз. АҚШ Иранның ядролық мәселесіне сендіру туралы жобасы сәтсіздікке ұшырағаннан кейін, тек екі мақсатты көздеді: алғашқы мақсаты аймақта Ираннан үркіту саясатын жалғастыру болды. АҚШ-тың екінші мақсаты Иранның аймақ пен халықаралық деңгейдегі рөлі тақырыбымен «жұмсақ» түрде қарсыласу болып табылады. Иранның аймақтық рөлі мен лаңкестікке қолдау мәселесін бір-бірімен байланыстыру шын мәнінде АҚШ, Израиль және Сауд Арабиясының Иранға қатысты ортақ ойларының негізгі тірегі саналады. Бұл аймақта бейберекеттік жағдайын тудыру және ал-Каида, ДАИШ секілді ағымдарды құру, лаңкестік топтарға демеушілік жасап, Ирак пен Сирияда соғыс отын өрбіту, Сауд Арабиясының Йеменді бөлшектеу үшін оған қарсы шабуыл жасауы Таяу Шығыстағы америкалық-израильдік ортақ жобаның бір бөлігі болған жағдайнда орын алып отыр. Алайда Трамп кезінде Сауд Арабиясының анығырақ рөліне иек артуы арқылы көрінетін нәрсе АҚШ-тың аймақтық және халықаралық жағдайлардағы өзгерістерден сауда-саттық тұрғысынан пайда табу үшін жасап отырған асығыс әрекеті болып табылады. Трамп барлық нәрсеге сауда-саттық және экономикалық пайда тұрғысынан қарайды. Оның Сауд Арабиясына сапарында аванстық табысы бар құны 100 миллиард доллардан астам қару-жарақты сатуға жолдың ашылуы осы тұрғыдан бұл сапардың Трамп үшін өте жақсы бастау болатынын көрсетеді. Бұл саясаттың қандай дәрежеде Сауд Арабиясы үшін пайдалы екендігі немесе Сауд Арабиясының зорлық-зомбылықтарына қолдау көрсетуіне себеп болатындығына байланысты күмән бар.
Сарапшылардың пікірінше, Сауд Арабиясы мен АҚШ-тағы саяси қауіпсіздік және экономикалық жағдайы мүшкіл. Аймақтағы өзгерістерді нақты болжау мүмкін емес. Әсіресе, Трамптың әртүрлі мәселелерге байланысты қарама-қайшы позиция ұстанғанын айтуға болады. Алайда, аймақтағы мәселелер мен Трамптың Таяу Шығыс сапарының мақсаттарын жалпы түрде бағалайтын болсақ, АҚШ-тың аймақта әсіресе соңғы жылдары шиеленісті ойын жүргізіп жатқанын айтуға болады. Әзірге осындай жағдай жалғасып жатқанда АҚШ-тың көзқарасы бойынша, Американың ашкөздігінің алдында қарсы тұрғаны үшін Иран қауіп саналады. Сондықтан Трамптың уәждері мен оның Иранды лаңкестікке қолдау жасайды деп айыптауы жаңа ұстаным емес.
АҚШ-тың жаңа президенті аймақ істеріне араласуды қатты көксейтінін көрсетіп жатқаны айдан анық. Бірақ, оның дұрыс ойластырылмаған ұстанымдарына қатысты халықаралық сындар мен қарсылықтардың толқынына назар аударып, Сауд Арабиясымен Иранға қарсы ортақ келісімге келе алмайтыны белгілі.