БҰҰ сионистік режимнің басқыншылығын тоқтату қажеттігін қуаттады
(last modified Sat, 20 May 2017 12:50:02 GMT )
Maм 20, 2017 18:50 Asia/Almaty
  • БҰҰ сионистік режимнің басқыншылығын тоқтату қажеттігін қуаттады

БҰҰ Израильдің Палестинаның жерлерін жаулап алуды тоқтатуын сұрады.

Иран Телерадио ұйымының бүгін, сенбі күнгі мәліметіне сәйкес, БҰҰ-ның баяндамашысы Майкл Линк Палестинаның жаулап алынған жерлеріндегі ахуал туралы есебінде сионистік режимнің басқыншылығын тоқтату қажеттігін қуаттап, сол аймақтағы адами жағдайды алаңдатарлық деп сипатттады.  

БҰҰ-ның осы мүшесі аймаққа жасаған бес күндік сапарынан кейін Израильдің палестиналықтардың құқықтарын бұзудағы, соның ішінде ұжымдық жаза қолдануын, палестиналықтардың мал-мүлкін тәркілеуді, күш пен қаруға жүгінуді, палестиналықтарды заңсыздықпен өлтіруді, палестиналықтардың еркін қатынауына кедергі жасауды, Палестина жерлерінде қалашықтар салып, жергілікті халықты мәжбүрлі түрде көшірудегі мақсатты әрі толассыз әрекеттерін айыптады.

БҰҰ-ның баяндамашысы әлемдік қауымдастықтан Израильдің басқыншылығы мен қалашықтар салу ісін тоқтатып, Палестина халқының өз тағдырларын анықтау құқығына қол жеткізуі үшін талпыныс жасауды сұрады.

Сионистік режим адам құқығын бұзуды жалғастыруымен қатар, 2016 жылдың басынан сионистер қоныстанатын қалашықтар салу үшін палестиналықтардың жерлерін тәркілеуді күшейте түсті.