Еуроодақтың арнайы өкілінің Орталық Азияға кезеңдік сапары басталды
(last modified Mon, 14 Mar 2016 13:26:07 GMT )
Нау 14, 2016 19:26 Asia/Almaty
  • Еуроодақтың арнайы өкілінің Орталық Азияға кезеңдік сапары басталды

Орталық Азиядағы Еуродақтың арнайы өкілі өзінің кезеңдік сапарын Түркіменстан астанасы Ашхабадтан бастады.

Еуроодақтың арнайы өкілі Петер Буриан сапары барысында Түркіменстанның Сыртқы істер министрімен кездесіп, Еуроодақ пен сол елдің арасындағы жан-жақты қарым-қатынастарды кеңейту туралы пікір алмасты. Буриан бұл кездесуде Еуроодақтың Түркіменстанмен ұзақ мерзімді бағдарламалар негіздері бойынша, жан-жақты ынтымақтастықтарын кеңейткісі келетіндігіне тоқталып: «Түркіменстан-Еуроодақ ортақ комитетінің жұмыстары бұрынғыдан кеңейеді.

Соңғы кезде Еуроодақтың Орталық Азиядағы өкілі болып бекітілген словакиялық дипломат аймақ мемлекеттері мен Еуроодақ арасындағы саяси ынтымақтастықтарды нығайтып, Еуроодақтың стратегиялық бақылауымен аймақтың қауіпсіздігін қолдауды мақсат етуде. Шын мәнінде Еуроодақ Орталық Азияны маңызды әрі Еуропаның эенргетикалық және қауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз етуші санап, қысқа және ұзақ мерзімді мүдделерін демократия мен адам құқығын тарату арқылы қамтамасыз етуді көздеуде.

Еуроодақ Орталық Азия мен Каспий теңізіндегі екінші құдыретті күш саналады. Еуроодақ Орталық Азия аймағына өз ықпалын тигізіп, Ресей, Қытай және АҚШ сынды мемлекеттермен сайысқа түсіп, халықаралық сахнадағы ықпалы мен сайысқа түсу күшін сақтай алады.

Еуроодақтың стратегиясы өз мақсатына жету үшін аймақ елдерінің энергетика мен өнеркәсібінің әртүрлі бөлімдеріне инвестиция салуымен бірге экономика, саясат, қоғам, қоршаған орта және қауіпсіздік салаларына кейбір өзгерістер енгізу жобасын шоғырланады. Сондай-ақ Еуроодақ аймақ мемлекеттеріндегі, әсіресе энергетикалық бөлімдеріндегі Ресейдің ықпалын азайтуға талпыныс жасайды.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі жылдарда еуропалық мемлекеттердің Каспий теңізіндегі мұнай барлау және оны өндіру саласындағы сонымен бірге Орталық Азия мемлекеттерінің кен және энергетикалық өнеркәсібінің басқа бөлімдеріндегі көптеген жобаларға қатысурын осы салада бағалауға болады. Еуроодақтың Орталық Азиядағы өкілдерінің бұрынғы және басқа жұмыстары мен осы Одақ өкілдерінің міндеттемелеріне жасаған шолу бұл болжауды дәлелдеуге көмектеседі. Яғни, осы кезге дейін Еуроодақ пен Батыс үкіметтері аталмыш аймаққа әсер етуге талпынуда. Еуроодақ өкілдері мен Орталық Азия республикаларының басшыларымен кездесуінде көбінде екіжақты қарым-қатынастарды кеңейту жолдары мен аймақ және халықаралық өзгерістерді талқыға салды. Адам құқығы мәселесіне қатысты ортақ ынтымақтастық комитеттерін құру, парламентаралық ынтымақтастық, экономикалық, сауда, сондай-ақ басқа салалардағы қарым-қатынастар Еуроодақ пен Орталық азия республикалары арасындағы келесі ынтымақтастықтарына жатады. Еуроодақтың әр өкілі өз кезеңінде ынтымақтастықтарды алға ілгерілетуге күш салды.

Әрқашан Ресейдің Кеңес Одағының бұрынғы республикаларына қатысты сезімтелдігін өзгертпеген мұндай ұстаным кейбір республикалардың қолдауына ие болды.