Иран мен Франция Президенттері ынтымақтастықтарды кеңейтуді қуаттады
ИИР Президенті Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сұхбатта екі елдің достық қарым-қатынастары мен ынтымақтастықтарының алға ілгерілеуіне тоқталып, Иран мен Франция қарым-қатынастарының кеңейіп, дамуының жалғасуын қуаттады.
Иран Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Франция Президентімен телефон арқылы сөйлесіп, өзінің осыдан екі жыл бұрынғы Париж сапарын оң және екі елдің қарым-қатынастарының дамуы үшін сындарлы деп бағалап: «Иран мен Францияның экономикалық қарым-қатынастары жақсы дамуда»,- деді.
Иран Президенті Францияның Иран мен «алтылық» тобы арасындағы келіссөздердің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қоюмен аяқталуына әсер етуіне тоқталып: «Өкінішке орай, кейбір мемлекеттердің өз міндеттемелерін орындамай отырғаны байқалуда. Сондықтан, Франция мен Еуроодақ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының іске асырылуына көбірек күш салады деп күтілуде»,- деді.
Франция Президенті Эммануэль Макрон да Хасан Руханиды президенттік сайлауда жеңіске жетуімен құттықтап, Иран халқының сайлауға жаппай қатысуын маңызды бағалап, екі елдің әртүрлі салалардағы қарым-қатынастары мен ынтымақтастықтарын дамыту қажеттігін қуаттады.
Франция Президенті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын аймақ пен халықаралық қауіпсіздік тұрғысынан маңызды келісім деп атап: «Экономикалық даму және Иранмен ынтымақтастықтардың деңгейін көтеру үшін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдау қажет»,- деді.