Иран мен Арменияның ауылшаруашылық министрлері ынтымақтастықтарды кеңейтуді қуаттады
Иран мен Арменияның ауылшаруашылық министрлері түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтарды кеңейтуді қуаттады.
Иранның Ауылшаруашылық министрі Махмуд Ходжати Ереванда өзінің армениялық әріптесі Игнатий Аракелянмен ортақ баспасөз маслихатында Теһран мен Ереванның түрлі салалардағы қарым-қатынасының жалғасатындығына үміт білдірді.
Иранның Ауылшаруашылық министрі сонымен қатар Теһранның ауылшаруашылық, мал өсіру, дәрілік өсімдіктер мен сүт өнімдері бөлімдері бойынша Ереванмен әріптестік жасауға әзірлігін мәлімдеп, ирандық экономикалық белсенділердің де Арменияда өңдеу өнеркәсібін құруға мүдделігін айтты.
Арменияның Ауылшаруашылық министрі Аракелян да осы отырыста өз елінің Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігіне тоқталып, Ереванның ИИР-ның осы одақтың нарығына кіріп, ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауына атсалысу мақсатында Теһранмен әріптестік жасауға әзірлігін мәлімдеді.