Тереза Мей мен Марк Рютте Руханиді құттықтады
Maм 26, 2017 18:51 Asia/Almaty
Ұлыбритания мен Нидерландының Премьер-министрлері жеке жолдауларында Хасан Руханиді Иранның президенттік сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады.
Ұлыбритания Премьер-министрі Иран Президентіне жіберген жолдауында сондай-ақ Лондон мен Теһран арасындағы қарым-қатынастарды кеңейтуді қуаттады. Нидерланды Премьер-министрі Марк Рютте де Хасан Руханиге жіберген жолдауында Иранның аймақ өзгерістеріндегі маңызды рөліне тоқталып, Теһран мен Амстердамның қарым-қатынастарын арттыруға мүдделік танытты.
Бұдан бұрын әлемнің көптеген елдерінің басшылары мен жоғары лауазымды қайраткерлері жолдаулары және телефон арқылы байланыстарында Хасан Руханиді президенттік сайлауда жеңіске жетуімен құттықтады.
Тегтер