Иран мен Ресей ядролық ынтымақтастықтарды кеңейтуге келісті
Иран мен Ресейдің Ядролық қауіпсіздік жүйе орталықтарының басшылары екі елдің атом стансалары мен басқа ядролық нысандары саласындағы ынтымақтастықтарды арттыруға келісті.
ИИР Ядролық қауіпсіздік жүйе орталығының басшысы Ходжатолла Салехи бейсенбі күні Мәскеуде Ресейдің Ядролық қауіпсіздік жүйе орталығының басшысы Алексей Алешинмен екі елдің ядролық ынтымақтастықтары туралы пікір алмасты. Екі жақ Иранда жаңа атом стансаларының құрылысы негізінде атом стансалары мен басқа ядролық нысандары саласындағы ынтымақтастықтарды арттыруға келісті. Салехи Иран мен Ресейдің Ядролық қауіпсіздік жүйе орталықтарының 25 жылдық ынтымақтастығына тоқталып, бұл орталықтардың ынтымақтастықтарын одан әрі арттыру қажеттігін қуаттады.
Иран мен Ресейдің әртүрлі, соның ішінде атом стансаларын салудан басқа кезеңдерге дейінгі ядролық ынтымақтастықтары екі ел ынтымақтастықтары көріністерінің бірі. Парсы шығанағы жағалауындағы Бушер атом стансасы Иран мен Ресейдің тұрақты ынтымақтастықтарының белгісі. Аталмыш станса бес жылдан бері іске қосылып, оған қажет отынды Ресей қамтамасыз етуде. Ресей ядролық салада өз тәсіліне ие елдердің бірі. Бушер стансасынан басқа Иран тағы 10 атом стансасын қажет етеді. Ислам Кеңесі Мәжілісі бекіткен заң бойынша, Иран атом стансаларының көмегімен 20 мың мегаватт электр шығару үшін 10 атом стансасын салуы керек. Қазірге таңда Иран мен Ресей екі атом стансасын салу туралы келісімге қол қойды. Бұл екі стансаны салуға 10 миллиард доллардың қажет екендігі жарияланды.
Иран мен Ресейдің Бушер атом стансасын салу тәжірибесі мен екі елдің арасындағы сенім Ресейдің қажет атом стансаларын салуға қатысуына себеп болды. Бұл ынтымақтастықтар ядролық келісімнен кейін айқын байқалды. Ресей «алтылық» тобының бір мүшесі ретінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының нәтижеге жетуінде маңызды рөл атқарды. Басқаша айтқанда, ядролық келісімнен кейін Иранның ядролық саладағы халықаралық ынтымақтастықтары кеңейді. Бұл мәселеде Ресей сындарлы рөл атқарды. Сонымен қатар Бушер атом стансасының салынуы мен басқа екі атом стансасын салу туралы келісімге қол қою, ауыр су сатып алу, тұрақты изотоптар өндіру Иран мен Ресейдің ядролық өнеркәсіптегі ынтымақтастықтары бойынша іске асырылуда.
Атом стансасының ең маңызды факторы – оның қауіпсіздігі. Сондықтан, бұл фактор стансаның өзінен гөрі маңызды. Ядролық қауіпсіздік пен қоршаған ортаға немқұрайдылық таныту қауіп-қатерге тірейді. Иранның Ядролық қауіпсіздік жүйе орталығының басшысы Ходжатолла Салехидің Мәскеудегі Ресейдің Ядролық қауіпсіздік жүйе орталығының басшысымен пікір алмасуы маңызды кездесу болып табылады.