Иран 250 мың палестиналықты ауызашармен қамтамасыз етеді
Қасиетті рамазан айының басталуымен тұспа-тұс Газа секторында қоршауда қалған 250 мың палестиналықты ауызашармен қамту жобасы ИИР Қызыл Жарты Ай ұйымының қолдауымен басталды.
ИРНА-ның Газадан хабарлауынша, аталмыш жоба рамазан айының соңына дейін жалғасады. Сол жобаға сәйкес, күнделікті Газа халқының арасында 1500 ауызашар бума таратылады. Бұл жоба 2014-ші жылғы сионистік режимнің Газаның шығысына жасаған шабуылында қираған әл-Шоджатие аймағынан басталды. Ирандық ауызашар бумаларда күріш, ет, тауық, балық, құрма, көкініс пен сусындар жинақталған. Олар кедейлер, мұқтаждар, шәһидтер және сионистік режимнің абақтыларында қамауда отырғандардың отбасыларына таратылады. Өткен жылдары да Иранның Қызыл Жарты Ай ұйымының Газаны қолдау жобасы іске асырылды.
Сионистік режим шамамен 10 жыл бойы Газа секторын қоршап, бұл аймаққа тауар тасымалдауды қиындатып отыр.