О'Брайен: Йеменге толығымен күйреу қаупі төніп тұр
БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық істер жөніндегі орынбасары Йемен халқының соғыс, құрғақшылық және өлімге жеткізетін аурулардың таралуымен кезігіп отырғанына тоқталып: «Бұл ел толығымен күйреу қарсаңында тұр»,- деді.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Стивен О'Брайен сейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында: «Әлем Йемен дағдарысын тек тамашалап отыр. Әлемдегі азық-түлік дағдарысын шешетін уақыт келді. Йеменді күйреу жолынан шығаруымыз керек»,- деді. Стивен О'Брайеннің сөздері Қауіпсіздік Кеңесінің Йеменді дағдарыстан шығарып, екі жылдық соғысты тоқтату үшін шынайы келіссөздерді бастауға Сауд режиміне қысым көрсете алмайтындығына қатысты үмітсіздігін көрсетеді.