АҚШ Иранның зымырандық күш-қуатының қаупі туралы уәж айтты
АҚШ-тың Қорғаныстық барлау агенттігінің басшысы бұл елдің 2020 жылға дейін ИИР-ның зымырандық күш-қуатының қаупіне төтеп бере алатынын айтты.
Fars ақпарат агенттігінің «Hill» басылымына сілтеме жасап хабарлауынша, АҚШ-тың Қорғаныстық барлау агенттігінің басшысы Джимм Сайринг сәрсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында: «Сейсенбі күні сынақтан өткізілген АҚШ-тың баллистикалық зымыранға қарсы кешені Вашингтонның 2020 жылға дейін Иран мен Солтүстік Кореяның баллистикалық зымырандары қаупіне төтеп бере алатынын көрсетті. Тынық мұхитының көгінде трансқұрлықтық зымыранды жойған GMD кешенінен атылған зымыран АҚШ-қа 2020 жылға дейін барлық қоқан-лоққыларды жеңуге көмектеседі »,-деді.
АҚШ-тың әскери қайраткерлері арагідік Иранның зымырандық күш-қуатын қауіп деп атағанымен, Иранның қорғаныс доктринасы тежегіш сипатқа ие. Әр елдің әскери күш-қуатын нығайту – оның заңды құқығы. Осы салада Иран өзінің зымырандық күш-қабілетін нығайту үшін ешкімнен рұқсат сұрамайды.