Иранның футбол командасы – Азия құрлығындағы футбол командаларының көшбасшысы
(last modified Thu, 01 Jun 2017 15:52:49 GMT )
Маусым 01, 2017 21:52 Asia/Almaty
  • Иранның футбол командасы – Азия құрлығындағы футбол командаларының көшбасшысы

Футбол қауымдастықтарының халықаралық федерациясы FIFA-ның жариялаған соңғы рейтингіне сәйкес, Иранның футбол командасы Азия елдері бойынша бірінші орында орналасқан.

Футбол қауымдастықтарының халықаралық федерациясы FIFA-ның әлемнің футбол командалары туралы жаңа рейтингіне сәйкес, Иранның футбол командасы әлем бойынша отызыншы, ал Азия құрлығы бойынша бірінші орынды иеленіп отыр. Азия құрлығы бойынша Иран командасынан кейін Оңтүстік Корея, Жапония, Аустралия және Сауд Арабиясы елдерінің футбол командалары сәйкесінше екіншіден бесінші орындарда орналасқан. Осы рейтингке сәйкес, Бразилия командасы әлемнің ең мықты футбол командасы саналады.