Ресей Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына толық мүше болуын қолдады
Ресей Президентінің Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы арнайы өкілі Иранның осы ұйымға толық мүше болып кіруін қолдады.
"Спутник" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей Президентінің Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы арнайы өкілі Бахтиер Хакимов бейсенбі күні: "Мәскеу Үндістан мен Пәкістан мүше болғаннан кейін Иранды Шанхай ынтымақтастық ұйымына толық мүше болуға үміткер келесі ел санайды",-деді.
Санкт-Петербургте Дүниежүзілік экономикалық форум аясында сөз сөйлеген Ресей Президентінің Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы арнайы өкілі: "Шанхай ынтымақтастық ұйымы халықаралық ұйымға айналу үшін қажет көптеген әлеуеттерге ие",-деді.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы маусым айында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей мен Өзбекстанның қатысуымен Қытайдың Шанхай қаласында құрылды. Үндістан мен Пәкістан 2016 жылдың маусым айында осы ұйымға мүше болып кірді.