Нетаньяху АҚШ елшілігін Құдсқа ауыстыру жобасының кейінге қалдырылғанына өкініш білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i27670
АҚШ Конгресінің осы елдің елшілігін Тель-Авивтен Бейт ул-Мұқаддасқа ауыстыру жобасын кейінге қалдыруға шешім қабылдауы сионистік режим Премьер-министрінің теріс реакциясына ұшырап, палестиналықтардың қолдауына ие болды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 02, 2017 17:08 Asia/Almaty
  • Нетаньяху АҚШ елшілігін Құдсқа ауыстыру жобасының кейінге қалдырылғанына өкініш білдірді

АҚШ Конгресінің осы елдің елшілігін Тель-Авивтен Бейт ул-Мұқаддасқа ауыстыру жобасын кейінге қалдыруға шешім қабылдауы сионистік режим Премьер-министрінің теріс реакциясына ұшырап, палестиналықтардың қолдауына ие болды.

Reuters ақпарат агенттігінің Бейт ул-Мұқаддастан хабарлауы бойынша, сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху бейсенбі күні: "Израиль АҚШ елшілігінің Бейт ул-Мұқаддасқа ауыстырылмайтындығына өкініш білдіргенімен, бұл істің болашақта орындалатындығына үміттенеді.

Израиль АҚШ елшілігі де біз дипломатиялық қатынас орнатқан барлық басқа елдер сияқты Бейт ул-Мұқаддаста болуы керек деп санайды",-деді.

Осындай жағдайда Палестина автономды құрылымының ақпарат өкілі Абу Радине: "Трамп сайлауалды үгіт-насихат науқаны кезінде берген уәделерінің бірін орындаудан бас тартты. Осы маңызды қадам бейбітшілік орнату  мүмкіндігін нығайтуға септігін тигізеді",-деп мәлімдеді.

АҚШ Президенті Дональд Трамп бейсенбі күні АҚШ елшілігін Тель-Авивтен басып алынған Құдсқа ауыстыруды кейінге қалдыру туралы шешімді ұзартуға бұйрық берді.